120 оқушыға мектеп формасы табыс етілді

160
Сортөбе ауылдық округінде жыл сайынғы «Мектепке жол» Республикалық қайырымдылық акциясы өткізілді.
Акцияны ұйымдастыруға Сортөбе ауылының жастар белсенді қатысып, ауылдық округтегі мектептерінің 120 оқушысын (№18,48,19,16, 17) қажетті мектеп құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етті.
Ауылдық Мәдениет үйінде жылы және достық атмосферада сыйлықтар тапсыру рәсімі өтті. Округ әкімінің орынбасары Харсанов Любай Бекирович барлық демеушілер мен белсенділерге алғысын білдіріп, бұл жай ғана акция емес, бұл болашақ ұрпаққа қамқорлық пен көңіл бөлудің символы екенін атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.