«Жеке шәкірті болмауы керек»: Бас бапкерге қойылған негізгі талаптар қандай?

66

«Жеке шәкірті болмауы керек»: Бас бапкерге қойылған негізгі талаптар қандай?
 фото: Olympic.kz

Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

«Қайрат Сәтжановтың алдағы олимпиадалық циклге ұсынған жоспарын талқыладық. Көңілімізден шықты. Париж Олимпиадасының қорытындысы бойынша бас бапкерді ауыстырғанымызды білесіздер. Оған қойылған негізгі талаптардың бірі  — командада жеке шәкіртінің болмауы. Сондай-ақ, шетелдік мамандармен жұмыс істеп, жасөспірім және жастар командаларына бірдей көңіл бөлуді жоспарлап отырмыз», — дейді Ділдәбеков.

Айта кетелік, Париж Олимпиадасынан кейін Мырзағали Айтжанов бас бапкерлік қызметтен кетіп, орнына Қайрат Сәтжанов тағайындалған болатын.

Сәтжановтың жетекшілігімен қазақстандықтар Сербияда (2021) өткен әлем чемпионатында үздік нәтиже көрсеткен.

https://turkystan.kz/article/247458-zheke-sh-kirti-bolmauy-kerek-bas-bapkerge-koiylgan-negizgi-talaptar-kandai

Leave A Reply

Your email address will not be published.