«Қазгидромет» республика аумағының көп бөлігінде жаңбыр, найзағай, екпінді жел күтілетінін ескертті.
Алдағы күндері республиканың көп бөлігінде солтүстік-батыс циклоны ауа-райының тұрақсыздығын сақтай отырып, синоптикалық жағдайды қалыптастыруды жалғастырады: жаңбыр, найзағай, екпінді жел күтілуде, солтүстік жартысында бұршақ жаууы мүмкін.
Нөсер жаңбыр 19 тамызда солтүстік-батыста, 18-19 тамызда солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыста болады деп күтіліп отыр.
https://turkystan.kz/article/247401-erten-elimizdin-basym-boliginde-zhanbyr-zhauyp-naizagai-oinaidy