Бірнеше қылмыстық топ “Qarmet”, “Қазақмыс”, “Қазақалтын” кәсіпорындарында алтын мен металл ұрлаумен айналысқан

15

опг

Видеодан скриншот

Ішкі істер министрлігі қаржыландыру және қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру фактілерін тергеп жатыр. Қылмыстық кодекстің әртүрлі баптары бойынша 150-ден астам криминалитет өкілдері жауапқа тартылған екен.

“Шетелдік құқық қорғау органдарымен бірлесіп, шетелдік қылмыстық элементтерге тосқауыл қойылды. Олар біздің елге кіргізілген жоқ. ҰҚК-мен бірлесіп, Шымкентте, Қарағанды және Қызылорда облыстарында аса қауіпті төрт қылмыстық топ өкілдерінің қызметі тоқтатылды”, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.

Мемлекетке 11 миллиард теңгеден астам залал келтірген құқықбұзушылықтар анықталды.

“12,5 мың литр және шамамен 2 миллион бума акцизсіз өнімдер, 5 тоннадан астам балық және 5 мыңнан астам ақбөкен дериваттары тәркіленді. Құрамында алтыны бар материалдарды қайта өңдеу бойынша 19 заңсыз цех жойылып, ондаған тоннадан астам кен табылды”, – делінген ведомоствосында.

Мектеп, колледж және жоғары оқу орындары жастарынан ақша бопсалап, бұзақылық жасаған және қару сақтаумен айналысқан 19 топтың жолы кесілді.

Сонымен қатар кәсіпорындар мен тау-кен байыту комбинаттарының мүлкін ұрлаумен байланысты қылмыстық әрекеттер әшкере болды.

“Qarmet”, “Қазақмыс”, “Қазақалтын” алтындарын, металл сынықтарын және басқа да өнімдерін ұрлау бойынша заңсыз схемаларын жасаған бірнеше қылмыстық топтарды ұстау жүргізілді. Қылмыстық істердің, оның ішінде ұйымдасқан қылмыстық топ құру, басшылық ету және қатысу фактілері бойынша ондаған эпизодтар тергеліп жатыр”, – деді Қуандық Алпыс.

Бір жылда  адам саудасының 137 фактісін анықтаған. Оның ішінде тоғызында адамды қанау, жұмысқа салу мақсатында ұрлаған екен.

https://stan.kz/kazakstanda-bir-zhilda-yyimdaskan-kilmis-boyinsha-155-k-404538/

Leave A Reply

Your email address will not be published.