Түзеу мекемесінің аумағына 14 дана телефон кіргізбек болған

24

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №25 мекемесіне тиісті аумақта Жамбыл облысынын Б. есімді азаматы қолға түсті. Күдіктіні мекеменің қызметкерлері 8 тамыз күні кешкі сағат 20:00 шамасында құрықтаған.

Ұсталған азаматтан 4 дана скотчпен оралған түйіншек табылған. Ораманы тексеру барысында ішінде 14 дана ұялы телефон бары анықталған. Тексеру барысында азамат М. аталған тиым салынған затты лақтыру арқылы мекеме аумағына жеткізуді көздегенін мойындады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.