Отырар ауданында лицей-интернаттың жатақханасынан өрт шықты

90
Отырар ауданында лицей-интернаттың жатақханасынан өрт шықты
 скриншот

Түркістан облысында лицей-интернаттың жатақханасы өртенді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Отырар ауданындағы лицей-интернаттардың бірінде жатақхананың шатыры өртенген. Өрт аумағы — 561 шаршы метр.

Өрттің алдын ала себебі — электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Оқиға кезінде жатақханада бір ғана күзетші болған. Құтқарушылардың айтуынша, өрт салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Өрт толығымен сөндірілді.

https://turkystan.kz/article/246626-otyrar-audanynda-litsei-internattyn-zhatakkhanasynan-ort-shykty

Leave A Reply

Your email address will not be published.