Париж-2024: Бразилялық серфердің суреті биылғы Олимпиададағы ең үздік сурет атануы мүмкін

79

Париж-2024: Бразилялық серфердің суреті биылғы Олимпиададағы ең үздік сурет атануы мүмкін
 сурет: Jerome Brouillet/AFP/Getty Images

Париж Олимпиадасында серфинг бойынша бақ сынаған бразилиялық Габриэль Мединаның ауада қалқып тұрған сәті түсірілген фотосурет көпшіліктің назарын аударып, таң қалдырды. Басылымдар бұл суретті биылғы Олимпиаданың ең басты суреті атануы мүмкін екенін жарыса жазды. 

Фотосуретте феномен лақап атымен өнер көрсеткен бразилиялық Габриэль Медина болды су үстінде тақтайымен ұшып бара жатқандай көрінеді.

Бір қызығы, фото кейіпкері Габриэль Медина төрешілерден 10 ұпайдың 9,90-ын алды. Бұл – олимпиадалық серфинг тарихындағы ең жоғары баға. 1/8 финалда ол жапондық Каноа Игарашиден басым түсіп, ширек финалға өтті. Медина – үш дүркін әлем чемпионы.

Суретті түсірген – Джером Брюйе.

https://turkystan.kz/article/246605-parizh-2024-brazilialyk-serferdin-sureti-biylgy-olimpiadadagy-en-uzdik-suret-atanuy-mumkin

Leave A Reply

Your email address will not be published.