Комментатор сексистік пікірі үшін Париж Олимпиадасынан шеттетілді

69

Фото: DailyMail.uk

Ол әйелдердің төрт рет 100 метрлік еркін стильдегі жүзу эстафетасында комментатор болып отырып, орынсыз пікір айтқан.

«Әйелдер енді аяқтады. Олардың қандай екенін білесіздер ғой… Асықпай, ерігіп жүреді, боянады», – деді Баллард.

Жанындағы әріптесі Лиззи Симмондс бұл пікірге бірден жауап қайтарып, орынсыз екенін айтты және кейбір ер адамдар да сондай екенін атап өтті.

«Кеше түнде Eurosport трансляциясы кезінде комментатор Боб Баллард орынсыз пікір білдірді. Осыған байланысты ол біздің комментаторлар қатарынан алып тасталды», – деп мәлімдеді Eurosport.

Баллард бұл жағдайға әлі жауап берген жоқ.

https://stan.kz/kommentator-seksisttik-pikiri-ushin-parizh-olimpiadasin-404022/

Leave A Reply

Your email address will not be published.