Батыс Қазақстан облысында Капустин Яр полигонының жерлері шөп шабу үшін уақытша беріледі

67

Фото: gov.kz

Әкімнің сөзінше, жергілікті тұрғындар мен шаруа қожалықтарына көмек ретінде Капустин Яр полигонының жерлері шөп шабу кезінде уақытша пайдалануға беріледі.

“Халықаралық шарт бойынша полигон жерлерін шөп шабуға және мал жаюға пайдалануға рұқсат етілген. Үкіметтен субсидия алу үшін құрғақшылық пен ақбөкен басқыншылығынан зардап шеккендердің тізімін жасап жатырмыз», – деді әкім.



Аудан басшысының айтуынша, қысқы маусымға 188 мың тонна жем жиналуы қажет. Шөп жинаумен 193 шаруа қожалығы айналысып жатыр. Аудан бойынша жоспардың 21 пайызы орындалды.

«Жыл сайын жауын-шашын азайып, қуаңшылық болып, жайылымдық жерлердің деградациялануы мал азығын сатып алуға кедергі келтіретіні жасырын емес. Биыл бір шаруа қожалығы 660 гектар алқапқа судан және жоңышқа егіп, қазір орып жатыр”, – деді Нұрлыбек Даумов.

Айтпақшы, биыл жыл басынан бері облыстағы шаруа қожалықтарына 287 миллион теңге субсидия төленді.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбеліктер жер телімі полигонның жанынан берілгеніне шағымданған еді.

https://stan.kz/batis-kazakstan-oblisinda-kapustin-yar-poligoninin-zher-403961/

Leave A Reply

Your email address will not be published.