Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейстердің қашан ашылатынын мәлім болды

94

Фото: itcrumbs.ru

Министр бастаған қазақстандық делегация Сиэтлге (АҚШ) барып, «Boeing» ұшақтарын құрастыру өндірісімен танысты.

«Кездесу барысында қазақстандық авиакомпанияларға ұшақтар жеткізу мәселелері талқыланып, Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейс үшін алғашқы Dreamliner ұшағын жеткізу 2025 жылдың соңына жоспарланғаны расталды», – деді министрлік.

Dreamliner жолаушылар ұшағын жеткізу Қазақстанның әуе флотын нығайтуға және елдегі әуе тасымалы деңгейін арттыруға бағытталған.



Boeing – аэроғарыштық технология бойынша әлемдік көшбасшы. Мұнда азаматтық қана емес, әскери және ғарыштық ұшақтар да шығарылады. Boeing өндіріс орындары бүкіл әлемде орналасқан. 2023 жылы Boeing 80 миллиард долларға жуық табыс тапқан.

Еске сала кетейік, Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей әуе рейсін ашу мәселесі бірнеше жылдан бері талқыланып келеді. Өткен жылы «Эйр Астана» президенті Питер Фостер 2025 жылға қарай АҚШ-қа тікелей рейстер ашу жоспарланып отырғанын айтқан еді. Алматы – Нью-Йорк рейсі бастапқы кезеңде аптасына 3 рет жиілікпен ұшатын болады. Алдағы уақытта рейс санын аптасына 5 ретке дейін жеткізу жоспарланып отыр.

https://stan.kz/boeing-kazakstannan-aksh-ka-tikeley-reyster-ashu-2025-z-403959/

Leave A Reply

Your email address will not be published.