Актер Тұрсын Құралиев дүниеден озды

749

Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында еңбек еткен актер Тұрсын Байтайұлы Құралиев 68 жасында дүниеден озды.

Ол 1950 жылы 6 қаңтарда Жамбыл облысы, Шу ауданы, Құлақшын бекетінде дүниеге келген.

1968-1972 жж. М. Щепкин атындағы театр жоғары училищесінің актер мамандығы бойынша тәмамдады.

1975-1977жж. Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында еңбек етті.

1977 жылдан бері бері Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында қызмет атқарды.

1998 ж. «Қазақстанның еңбек сіңірген артисі» атағын алды. «Мосфильм», «Қазақфильм» киностудияларының фильмдеріне түскен.

М.Кәрім «Ай тұтылған түн» -Ақ жігіт, М.Әуезов «Айман-Шолпан»- Әлібек, «Алуа» – Арман, Ғ.Мүсірепов «Ақан сері-Ақтоқты» – Жалмұхан, Ә.Әбішев «Нұрлы жаңбыр» – Мұхит, «Мәди» – Иман, «Алау жалды арғымақ» – Сәкен, У.Шекспир «Дуалы түнгі думан» – Деметрио, Ә.Тәжібаев «Күн сайын сағынамын» – Сәкен, Ә.Тарази «Жақсы кісі» сынды образдарын сомдаған.

1998 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі атағын алған., 2010 жылы Елбасының жарлығымен Құрмет орденімен марапатталды. 2016 жылы Қазақстанның Еңбек ардарегі медалі және «Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі берілген.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.