Отбасылық триатлон эстафетасы өтті

60

Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Динамо» спорт кешенінде жас отбасылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және денсаулықты нығайтуға бағытталған отбасылық триатлон эстафетасы өтті. Аталған шараға Жамбыл облысы Полиция департаментінің өкілдері, облыс әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Тұрғынова Зәуре Мұратқызы, облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Давренбеков Дархан Нұрланұлы қатысты.

Жас отбасылар арасында спорттық рухты тәрбиелеу және отбасылық қатынастарды нығайту мақсатында өткен жарысқа 10-нан аса жас отбасы қатысты.

Жалпы, эстафета екі кезең бойынша өтті. Бірінші іріктеу кезеңінде жас отбасы­лар ұзындыққа секіру және допты сақи­наға лақтыру сайыстарында бақ сынады. Үздік көрсеткіш көрсеткен 5 отбасы екінші кезеңге жолдама алды. Шешуші ке­зеңде жас отбасылар жылдам жүгіру және қаппен секіру сияқты 5 түрлі ойынға қатысты.

«Біз мұндай іс-шаралар отбасылық ортада уақыт өткізудің тамаша тәсілі ғана емес, сонымен қатар салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды құралы деп санаймыз. Олар отбасы мүшелерінің арасындағы байланысты нығайтуға, белсенді өмір салтын ынталандыруға ықпал етеді және денсаулық пен отбасылық құндылықтардың маңызды басымдықтар екенін көрсетеді», — деді облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Дархан Нұрланұлы.

Отбасылық триатлон эстафетасының қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған командаларға дипломдар, бағалы сыйлықтар табысталды.

Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.