Атырауда 130 гектар жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды

82
Атырауда 130 гектар жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды
 istockphoto.com

Атырау облысының Мақат ауданында 130 гектар жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды, деп жазады turkystan.kz kazinform.kz-ке сілтеме жасап.

Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржановтың мәліметіне жүгінсек, Атырау облысында жерді бүлдіру және жер учаскелерін нысаналы мақсатына пайдаланбау фактілері анықталған.

«Атырау облысының жер ресурстарын басқару департаментінің қызметкерлері топырақтың құнарлы қабатын заңсыз сыдырып алу және жою фактісі бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 337-бабының 1-бөлігімен «АссанаДорСтрой» ЖШС-ға нұсқама беріп, 1 млн 292 мың 200 теңге көлемінде айыппұл салынды. Қазір департаменттің нұсқамасы негізінде аталған жер учаскесі қалпына келтірілді», — деп хабарлады Мұрат Теміржанов.

Сондай-ақ Атырау облысындағы Мақат ауданында кәсіпкерлікті дамыту үшін берілген жалпы көлемі 130 гектарды құрайтын 3 жер учаскесі нысаналы мақсатына сай игерілмеген.

«Департамент мамандары жер иелеріне 1 жыл мерзім ішінде нысаналы мақсатына сай игеру қажеттігі туралы нұсқама берілді. Мақат ауданының соты департаменттің жер кодексінің 94-бабына сәйкес жер учаскелерін мәжүрлеп алып қою туралы талап арызын қанағаттандырылды. Жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды», — деп мәлім етті Мұрат Теміржанов.

https://turkystan.kz/article/244989-atyrauda-130-gektar-zher-telimi-memleket-menshigine-kaitaryldy

Leave A Reply

Your email address will not be published.