Мемлекет басшысы полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

113

Фото polisia.kz

Президент әрбір тәртіп сақшысының қызметін мінсіз атқарып, білікті маман, отаншыл азамат болуы өте маңызды екенін алға тартты.

“Құрметті полиция қызметкерлері! Кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!
Сіздер заң мен тәртіпті сақтауда, азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғауда елеулі еңбек сіңіріп келесіздер.Әділдік идеясы үстемдік құрған қоғамда полиция қызметкерлеріне жоғары талап қойылып, зор жауапкершілік жүктеледі”, – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы полицейлердің антқа адалдық пен жұртқа жанашырлықтың озық үлгісін көрсетулері керек екенін жеткізді.

“Сіздердің әділетті мемлекет пен берекелі қоғам құруға өлшеусіз үлес қосып, «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыруға атсалыса беретіндеріңізге сенемін. Әрдайым абырой биігінде болыңыздар! Баршаңызға зор денсаулық, толайым табыс тілеймін!” – деп қосты президент.

Ел президенті сонымен қатар 23 маусымдағы мемлекеттік қызметкерлерді де мерекесімен құттықтады.

https://stan.kz/memleket-basshisi-policiya-kizmetkerlerin-kasibi-mereke-402193/

Leave A Reply

Your email address will not be published.