БІР БАСПАЛДАҚ КӨТЕРІЛСЕ ҚУАНАМЫН

157

«Қуанса, бала қуансын» деген қанатты сөздің түпкі мағынасын оңалту орталықтарында қызмет алып жүрген балаларды көргенде түсінесің. Әрине, жүрегің ауырады, көңілің құлазиды. Бірақ балалардың өмірге деген ұмтылысын, құштарлығын көріп, осы мамандықты таңдағаныма қатты қуанамын.
Әр баланың мінез-құлқы, көңілі әртірлі болады. Мұнда достар табады, бір біріне бауыр басып, іздеп тұрады. Менің жұмысымдағы басты мақсат – қоғамға бейімдеу, оңалту қызмет түрлерін сапалы жүргізу болып табылады. Соның ішінде орталықта дефектолог-ұстазы қызметін атқарамын. 9 жыл еңбек өтілімде қызмет алушыларға танымдық қабілеттерін: ұсақ-қол моторика, сенсорика, қарапайым математика, сабақтары бойынша жұмыс жасаймын. Қазіргі таңда орталықтағы 25 қызмет алушыға оңалту-бейімдеу жұмыстарын жүргіземін.
Қызмет алушылар қатарында Ғалымжан Темірбайдың ерекше қабілетін атап өткім келеді. Ғалымжанның орталыққа келгеніне жылға жуықтап қалды. сөйлеу қабілеті тежелген ол шет тілдерінде: ағылшын, араб, қытай тілдерінде сөздерді көріп қабылдау арқылы қағаз беттеріне түсіреді. Көзбен көргенін еш ұмытпайды. Оның қабілетін одан әрі ашу менің міндетім. Әрине, жұмысымыз үлкен жауапкершілікті талап етеді. Бірақ қызмет алушылардың ой өрісінің дамуы, олардың бір баспалдақ болса да көтерілгенін көргенде, қатты қуанып, жұмысқа деген жігерім арта түседі. Бұл мамандық менің өмірлік серігім болып қала береді.

Абдрасилова Нурбала Досқарақызы,
Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығының дефектологы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.