КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ

50
Үстіміздегі жылдың 20 маусымы күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
Комиссия отырысына Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Байболат Ерлан Бейсенұлы, аудандық прокуратура өкілі, комиссия мүшелері, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері мен тиісті мекеме, кәсіпорын басшылары қатысты.
Жиынды аудан әкімі Сәкен Мамытов ашып, жүргізді.
Жиынның күн тәртібінде:
1. «Адам саудасы бойынша Аудандық полиция бөлімі атқарған жұмыстардың есебі»
2. «Сотталған және түзеу мекемелерінен босап шыққан азаматтармен атқарылатын пробация жұмыстары туралы» мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселеге байланысты жауапты тұлғалар хабарлама жасады.
Бұдан кейін Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Байболат Ерлан Бейсенұлы сөз сөйлеп, жиынның маңыздылығына тоқталып, құқық бұзушылық профилактикасы, сондай-ақ күн тәртібінде көтерілген мәселелер бойынша жұмысты одан әрі жандандыру керектігін айтты.
Жиын барысында күн тәртібіне шығарылған мәселелерге байланысты хаттама жобасы бекітілді.
Комиссия отырысында күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, төрағалық етуші Сәкен Үмбетұлы жиынды қорытындылады.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.