Астанада әскери техниканы дамыту перспективалары талқыланды

87

Астанада әскери техниканы дамыту перспективалары талқыланды

Ұлттық қорғаныс университетінде қару-жарақ пен әскери техниканың қазіргі даму тенденцияларына арналған II халықаралық ғылыми-прак­тикалық конференция өтті.

Оған Қорғаныс министрлігі бейінді де­партаменттерінің басшылары, Қа­зақ­стан Қарулы Күштері түрлерінің, қор­ға­ныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының, Қазақстан әскери және азаматтық жоғары оқу орындарының, Ресей Федерациясы Қа­рулы күштері Жуков орденді жалпыәс­кери академиясының және АҚШ-тың Джордж Вашингтон университетінің өкіл­дері қатысты.
Жиналғандар алдында сөз алған Ұлт­тық қорғаныс университетінің бастығы ге­нерал-майор Асқар Мұстабеков қару-жа­рақ пен әскери техника жүйелерін та­­бысты дамытудың міндетті шарты ғы­лы­ми-зерттеу және тәжірибелік-кон­струк­торлық жұмыстар жүргізу екенін айтты. Бұл ғылыми-тех­ни­калық жұмыстар жаңа әзірлемелер мен өндірістерге негіз бола алады.
Іс-шара қару-жарақ пен әскери техни­ка­ны дамыту мәселелерінде нақты бол­жам­дарды қалыптастыруға, сондай-ақ осы саладағы перспективалық ғылыми-тех­никалық ізденістерді айқындауға ық­пал етуге арналғанын атап өту керек.
Конференция барысында Қазақстан Қарулы Күштерінің дамуына байланысты көп­теген теориялық және практикалық мә­селе талқыланды. Ұшқышсыз авиа­ция­лық жүйелерді, экипажсыз кемелерді, зы­мыран-артиллериялық қару-жарақты, сауытты танктерді, автомобиль техника­сын дамытуға және оны қалпына келтіру ерек­шеліктеріне арналған баяндамалар оқыл­ды.
Сондай-ақ Қазақстан Республи­ка­сы­ның қорғаныс-өнеркәсіп кешенін да­мыту перс­пективалары, жоғары білім беру ұйым­дары жанындағы әскери кафедра­лар­ды қару-жарақпен және әскери техни­ка­мен қамтамасыз ету ерекшеліктері тал­қыланды.
Баяндама тақырыптары ғылым мен тех­никаның әскери-саяси және әскери-ст­ратегиялық мәселелерді шешудегі рө­лі­нің артқанын көрсетеді. Баяндамашылар атап өткендей, қазіргі жағдайда ақпа­рат­тық технологиялардың қарқынды дамуы жә­не қару-жарақ жүйесіне инновациялық шешімдерді енгізу қарулы күресті жүргізу тәсілдеріне айтарлықтай әсер етіп, жаңа талаптар қоймақ.
Бүгінде әлемдегі жетекші ғылыми-тех­­никалық және тәжірибелік-конструк­тор­лық орталықтар қару-жарақ пен әс­ке­ри техниканың жаңа және перспективалы үлгілерін әзірлеуге назар аударды. Кон­фе­рен­цияның практикалық құндылығы сол, он­да айтылған ұсыныстар отандық ком­па­ниялар мен ҚӨК кәсіпорындары үшін бағ­дар бола алады.

https://turkystan.kz/article/244572-astanada-skeri-tekhnikany-damytu-perspektivalary-talkylandy

Leave A Reply

Your email address will not be published.