т шешімімен Бурабай ауданының 10 тұрғыны 4 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Меруерт Сағымхан Бүгін, 16:14

59

Ақмола облысындағы студент өлімі:11 адам кінәлі деп танылды

Ақмола облысындағы студент өлімі:11 адам кінәлі деп танылды
 egemen.kz

 

Ақмола облысында жұмбақ жағдайда қаза болған студент өліміне 11 адам кінәлі деп танылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Qazaqstan арнасының мәліметінше, оларға бопсалау, бұзақылық жасау, жәбірленушіні өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу дерегі бойынша айып тағылды.

Сот шешімімен Бурабай ауданының 10 тұрғыны 4 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Ал кәмелет жасқа толмаған жасөспірім қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Сондай-ақ, сотталушылар жәбірленуші отбасыға 4 миллион теңгеден астам қаржы көлемінде моральдық және материалдық шығынды өтеді.

Еске сала кетсек, өткен жылы күзде 19 жасар Роман Бодаговтың денесі «Бурабай-Жамантұз» курорты аралығындағы теміржол рельсінен табылған. Кейін аталған іс бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жедел-тергеу тобы құрылған еді.

https://turkystan.kz/article/243955-a-mola-oblysynda-y-student-limi-11-adam-kin-li-dep-tanyldy

Leave A Reply

Your email address will not be published.