ЖУАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

124

Әдеп жөніндегі кеңестің көшпелі отырысын өткізу аясында Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Р.Ш.Шарипов және Жуалы ауданының әкімі Ж.Ә.Мұртаза ауданның зиялы қауым өкілдерімен кездесті.

Іс-шара барысында Р.Ш.Шарипов мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға енгізілген жаңашылдықтар, оның ішінде мемлекеттік қызметке кіру рәсіміндерін оңайлату, мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы әңгімеледі.

Мәселен, жоғары оқу орнын үздік бітірген азаматтар бір жыл ішінде конкурссыз аудан және ауылдық деңгейдегі төмен тұрған лауазымдарға орналаса алатындығы, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерге бағалау нәтижесі бойынша бонустар төлеу мәселелері қатысушылардың назарына жеткізілді.

Сонымен қатар, зиялы қауым өкілдерінің кәсіби мемлекеттік аппаратты дамыту жөніндегі пікірлері мен ұсыныстары тыңдалды.

Жиын соңында Руслан Шамелұлы қатысушыларға алғысын білдіріп, қажырлы еңбек және өмірлік тәжірибесі бар тұлғалар ауданның да, жалпы облыстың да дамуына баға жетпес үлес қосатынын атап өтті.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.