Бұрынғы жеңімпаздардан доппинг табылды: Қазақстандық ауыр атлет 2012 жылғы Олимпиададан күміс медаль алды

105

Ұлттық олимпиада комитеті 2012 жылғы Олимпиада ойындарының нәтижесі өзгергенін мәлімдеді.

«Орындар қайта бөлініп, Анна Нұрмұхамбетова 2012 жылғы күміс жүлдегер атанды. Қола медальді колумбиялық Убальдина Валлес алды. Марапаттау Перудің Лимасында өткен жеңіл атлетикадан жастар арасындағы әлем чемпионатында өтті», – делінген сенбі күні хабарламада.

Лондондағы олимпиадада қазақстандық қыз 69 келі салмақ дәрежесінде бесінші болған еді. Алайда 2 спортшы титулдарынан айырылғасын орын қайтадан үлестірілді. Марина Шкерманкова мен Дина Сазановецтің заңсыз препараттар қолданғаны анықталды. Кейін олардың нәтижелері жойылып, Нұрмұхамбетоваға қола жүлде бұйырды.

«2020 жылы Лондонда екінші орын алған румыниялық Роксана Кокоштан да допинг іздері табылғды. Оның күміс жүлдесі алынып тасталды, ал Лондонда көрсетілген нәтиже жойылды», – делінген хабарламада.

 

https://stan.kz/byringi-zhenimpazdardan-dopping-tabildi-kazakstandik-au-400767/

Leave A Reply

Your email address will not be published.