Алматыда ер адам әйелін жұрттың көзінше ұрып тастаған.
Оқиға лифттің жанында болған. Ер адам әйелін артынан қуып келіп, сабаған. Ал қасында тұрған ер адамдар көмектеспей, қарап тұрған.
Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты түсінік берді.
Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Күдікті ұсталды және Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады ведомство.