«Әр еркек көп әйел алғысы келеді»: Әнші Рүстем Жүгінісов төрт әйел алатынын айтты

125

Фото: Видеодан скрин

Әншіге Instagram парақшасында оқырмандардың бірі “қанша әйел алуға ниеттісіз?” деген сауал қойған. Оның сөзінше, Қазақстандағы әр ер адам көп әйелге ниетті екен.

«Еркектердің 95 пайызы көп әйел алғысы келеді. Оның ішінде өзім де бармын. Қалған 5 пайызы бір әйелім жетеді деп жүргендер. Көп әйел алуға әлі дайын емеспін деп ойлап жүргендер де бар шығар. Әр еркек көп әйел алғысы келеді деп ойлаймын. Мен 4 әйел алғым келеді», – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін президент Тоқаев Атырау облысында өткен Ұлттық Құрылтайда көп әйел алушылықты насихаттайтындарды қатаң сынаған еді.

«Елімізде қыз алып қашуды, көп әйел алуды ұлттық дәстүр санап, ел ішінде дәріптегісі келетіндер бар. Бұл – мүлдем ақтауға болмайтын заңсыздық, қараңғылық, тіпті, масқара тірлік. Өркениетті қоғамда әр азаматтың абыройы, құқығы және бостандығы баға жетпес құндылық болуы керек. Сондықтан мұндай ақылға сыймайтын әрекеттерді қатаң сынға алу жеткіліксіз. Оған құқықтық баға беріліп, біржола тосқауыл қойылуға тиіс», – деген еді президент.

https://stan.kz/ar-erkek-kop-ayel-algisi-keledi-anshi-rustem-zhuginisov-400005/

Leave A Reply

Your email address will not be published.