ТУҒАН ЖЕРІН ТҮЛЕТКЕН ТҮЛЕКТЕР

138

Адам баласына өзінің туған жерінен артық мекен жоқ. Әрбіріміздің адами болмысымызды қалыптастырып, тұлға қылып  түлеткен ұямыз да, қайта айналып қонатын алтын тұғырымыз  да- туған  жеріміз.

Сондықтан әр адамның өзі туған топырағынан байланған туған жеріне деген перзенттік парызы бар.

Шалғайда жүрген  әрбірімізге тілекші болып отыратын туған жерге тағзым ету біздің азаматтық міндетіміз.

Республика бойынша бастау алған  «Туған жерге тағзым!» шарасы Сарысу ауданындағы  Игілік округінде де өз жалғасын тауып келеді.

«Туған елге тағзым ету парызым, туған жерге қызмет ету қарызым!» — дейтін жомарт жандар үшін игі бастама болып тұр.

«Туған жер – тұғырың!» дейді тағы халық даналығы. Жалпы, туған жер туралы, оның қадір – қасиеті жайында айтып тауыса алмастай боласың. «Жұмыла көтерген  жүк  жеңіл!» демекші Шоқай датқа орта мектебінің 20 жылдық түлектері ауылға тарту жасады. Бұдан бөлек Шоқай датқа мешітіне қаржылай демеушілік көрсетті.

Әрбір қазақ баласының жүрегінде жатталған қасиетті бой тұмардай ұғым бар. Ол әрине туған жер.

Адамның патриоттық сезімінің нысаны мен қайнар көзі туған жері. Елін, жерін сүйетін адам туған топырағының кешегісін- бүгінмен, бүгінгісін ертеңімен жалғастыра  алады.

Бойында ұлттық намыс пен ұлттық мақтанышы бар адам өз еліне адал қызмет етеді. Жарқын болашағын нұрландырады.

Туған жерін қастерлеп, білімі мен еңбегін, барлық мүддесін, ел игілігіне жұмсайды. Ендеше осындай ел азаматтары көп болсын.

Жандос Жанайдаров, Игілік ауылдық округінің әкімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.