Бишімбаев ісі: Сот отырысы келесі аптаға шегерілді

95

Бишімбаев ісі: Сот отырысы келесі аптаға шегерілді
 Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

 

Әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірді деп айыпталып жатқан Қуандық Бишімбаев ісі бойынша кезекті сот отырысы 13 мамырда өтетін болды.

Бүгін сот отырсында Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың тағдырын шешетін алқабилерге арналған сұрақтар талдануы тиіс болған еді.  Судья Айжан Көлбаева сұрақтарды талқылау және құрау үшін алқабилер мен БАҚ өкілдерінен сот залынан шығуды сұрады.

Көп ұзамай залдан шыққан зардап шеккен тараптың адвокаты Игорь Вранчев сот отырысы қашан жалғасатынын айтты.

Қандай шешім шығатыны талқыланған жоқ. Біз сұрақтарымызды ұсындық, судья кеңесу залына кетті. 13 мамыр 9:30-ға дейін үзіліс жариялады, – деді ол.

Журналистер Вранчевке 13 мамыр күні үкім шыға ма деген сұрақ қойды.

Үкім шығару емес, біз ұсынған сұрақтар талқыланады, – деп түсіндірді адвокат.

https://turkystan.kz/article/243221-elimizdegi-zha-a-alany-kimi-ta-ayyndaldy

Leave A Reply

Your email address will not be published.