Бүгін, Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы Айбек Ажибаев Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесі қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Шараға мекеме қызметкерлері мен басшы құрам қатысты. Кездесудің мақсаты-ұжым арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық принциптерін енгізу болып табылады. Департамент өкілі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасымен таныстырып, қызмет бабын пайдаланып сыйлық бергендерге жауапкершілікті, заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысудың салдарын жан-жақты түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлаған адамдарды көтермелеу қағидалары туралы айтты және қызметкерлер назарына сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған жағдайда 1424 Call-орталығына хабарласуға қажеттігі жеткізілді. Сыбайлас жемқорлықпен күресу мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтың бірі. Заң үстемдігін орнатып, нағыз құқықтық мемлекет құру үшін, ең алдымен, жемқорлықтың тамырына балта шабу керек. Түпкі мақсат-сыбайлас жемқорлықтан таза қоғам қалыптастыру.