Оқушылар арасында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

210

 

 

Ағымдағы жылдың 19 сәуірінде Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты №59 мекемесінің сотталғандар арасында тәрбие ісі жөніндегі бөлім бастығы әділет майоры Мұқағали Құрманқұл, тәрбие дәне кадр жұмысы тобының бастығы әділет капитаны Акерке Бауыржанқызы және инспектор әділет лейтенанты Таңшолпан Ахметова Тараз қаласындағы №54 орта мектеп оқушыларына ҚР ІІМ Қостанай Академиясына оқуға түсуге үгіттеу жұмыстарын жүргізді. Мектеп түлектерінің назарына оқуға түсу алгоритмі түсіндірілді. Онда, оқу орнының курсанттары мемлекеттің қаматамасыз етуінде, яғни шәкіртақы алатындығы, киім-кешектері, үш мезгілді ас қабылдауы және тегін медициналық көмек алуы айтылды. Бұл күнде мамандар қабылдау, оларды тәрбиелеу мен дайындау жүйесі мемлекетіміздің ішкі істер органдарының нығаюының іргетасы. Үгіттеу жұмыстарының негізгі мақсаты-жас түлектердің сапалы білім алып, ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесінде қызмет атқаруы болып табылады. Жасөспірімдер кездесу соңында Отанға адал қызмет етуге ниетті, тәртіп сақшысы болуға ұмтылатындарын айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.