«Таза Қазақстан» жалпыреспубликалық экологиялық акциясының «Киелі мекен» тақырыбындағы екінші апталығында Кенесары хан ескерткішінің айналасы абаттандырылды.
Акцияға облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Қайшыбекұлы Мәдібек, аудан әкімінің орынбасары Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы, аудан әкімінің орынбасары Арғымбаев Қайрат Рахымбайұлы және мекеме қызметкерлері қатысты.
Іс-шара аясында ескерткіш маңындағы шөптер тазаланып, талдардың түбі қопсытылды.
Сонымен қатар жаңадан отырғызылатын талдардың орны белгіленіп, қазу жұмыстары жүргізілді.
Қанатбек Қайшыбекұлы Мемлекет басшысының тапсырмасымен бастау алған акцияны жоғары деңгейде өткізудің маңыздылығына тоқталып, табиғат пен қоршаған ортаны таза ұстаудың, киелі өлкеміздің тарихи ескерткіштерін күтіп ұстаудың маңыздылығын айтты.
«Таза Қазақстан» тазалық акциясының аясында аудан аумағындағы абаттандыру жұмыстары жалғасады.