Қала тұрғындарының өтінішін тыңдадым

100
Бүгін Тараз қаласының бірнеше тұрғынын жеке сұрақтары бойынша қабылдадым. Қабылдауға келген қала азаматтары жер кезегі, тұрғын үй мәселесі бойынша сауалдар қойды. Сонымен қатар, тұрғындар көше бойындағы заңсыз құрылыс, құбыр жүргізу, арық, тротуар орнату, көпқабатты тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізу және тағы басқа бірқатар сұрақтар жолдады.
Қабылдауға келген әрбір тұрғынның сауалы назардан тыс қалмайды. Азаматтардың сұрағын жауапты мамандарға тапсырып, заң аясында шешімін табатындығын айттым.

Бақытжан Орынбеков, Тараз қаласының әкімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.