Тараз – таза өлке

87
Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» атты 5 апталық республикалық экологиялық акциясы аясында Таразда 11 сәуір мен 11 мамыр аралығындағы екінші апталығы «Киелі мекен» іс-шарасы жүзеге асырылып жатыр.
Бүгін Тараз қаласында «Киелі мекен» акциясы аясында «Жеңіс» саябағында абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Жастар ресурстық орталығының отызға жуық маманы саябақты тазалап шықты.
Сонымен қатар, «Жасыл ел — Тараз» мекемесінің 20-дан астам жұмысшысы Қ.Тұрысов, І. Жансүгіров көшелерінде санитарлық тазалық жұмыстарын жасады.
Көше бойындағы арықтарды күл-қоқыстан тазалап, жол жиектерін де талапқа сай реттеді.
Айта кетейік, қала аумағында санитарлық-тазалық жұмыстары күн сайын жүргізілуде.

Тараз қаласының әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.