Еркін Келесов тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады

113

Бүгін «АMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Келесов Еркін Егембердіұлы тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады.
Қабылдауға алдын ала жазылған қала тұрғыны, жалғызбасты ана 3 балаға жалғыз өзі қарайтынын айтты. Мәселесі: тұрғын үймен қамтамасыз ету. Айтуынша қазіргі уақытты 3 баласымен қоғамның осал топтарына мемлекеттен берілетін тұрғын үйде тұрады, алайда, тұрғын үйді босатуын сұраған. Тұрып жатқан үйі басқармаға қарасты «№5 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тиесілі екен.
Басқарма басшысы өтініш иесінің мәселесін өз бақылауына алып, тиісті мамандармен байланыс орнатып, өтініш иесінің мәселесін оңынан шешілуіне ықпал етті. Жалғызбасты ана сұраған баспанасында тағы бір жыл уақытқа дейін тұруға мүмкіндік алды.
Ал, Тараз қаласының тұрғыны Қуат есімді азамат ұлының денсаулығының төмен екенін, мүгедектікке шығара алмай көп уақыт жоғалтқанын айтты.
Еркін Егембердіұлы қала тұрғынының мәселесі бойынша заңдылығын түсіндіріп, құзырлы мекемемен байланыс орнатып, назарларына жеткізді. Ендігі кезекте емханадан қайта тексерістен өткізілетін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.