Маңызды мәселелер кеңінен талқыланды

60

Қала прокуратурасы жергілікті атқарушы органдармен өңірдегі 20-дан астам проблемалық мәселелерді талқылады.

Бүгінгі күнге ең өзекті мәселелер қала аумағындағы қоғамдық-саяси ахуалға әсер ететін жүйелі проблемалары, оның ішінде «Ұлтараздық қақтығыстардың» алдын алу, «Дін саласындағы құқық бұзушылықтар», төтенше жағдайлардың алдын алу, оның ішінде «Су тасқынына қарсы іс-қимыл шаралары және жасақталған жедел әрекет ету жасағы бойынша» атқарылып жатқан жұмыстары қарастырылды.

Мәжіліс барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, инфрақұрылымның болмауы (су, свет, жол және т.б.) зерделеніп, бірқатар мәселелердің шешу жолдары айқындалды.

Жиналыс қорытындысымен жауапты мемлекеттік органдарының жұмыстары тиісті жүргізілмеуі атап өтіліп, олардың шешу жолдары туралы нақты бағыт-бағдар беріліп, бюджеттік жоспарлау кезінде қарау ұсынылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.