«26 мың доллардан астам қаражат кетті»: Өзінен 31 жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан 55 жастағы актриса тұңғыш сәбиін күтіп жүр

78

Фото: instagram.com/lozanoalina

55 жастағы Алина Лосано желідегі парақшасында жүкті екенін мәлімдеді. Алайда 55 жастаңы әйелдің жүкті екеніне көпшілік күмәнмен қарап, актрисаның сөзіне сенбеді. Ол оқырмандарына 23 жастағы күйеуі Джим Веласкес екеуі жүктілікті анықтайтын тесттің оң нәтижесін көрсетті.

“Болды, жетер! Біз не үшін мұны көрсетіп жатырмыз?! Қуанышты жаңалықты бізді жақсы көретін адамдармен бөлісіп жатырмыз. Бізді ұнатпайтын жандар болса парақшамызға жазылмаңыздар, көрмеңіздер! Әбден шаршаттыңдар. Мен өз өмірімді біреуге түсіндіруге міндетті емеспін”, – деді Алина Лосано.

Актриса ЭКО арқылы бала көтерген екен. Бұл туралы ол парақшасында жариялаған видеода айтты. 23 жастағы Джим Велаксес ЭКО-ға 100 миллион песо, яғни 26 000 доллардан астам қаражат кеткенін атап өтті. Алинаның айтуынша, ол менопаузаға қарамастан бала көтерген.

“Көпшілік менопаузадағы әйелдің табиғи жолмен бала көтере алмайтынын айтады. Әрине, бұл өте күрделі процесс. Себебі аналық ұрық жоқ. Бірақ қосалқы репродуктивті технологиялардың көмегімен ұрықтандыру әбден мүмкін және бұл ем-шараларды бүкіл әлемдегі әйелдер жасайды”, – дейді актриса.

Алина ЭКО процедураларының күрделі процесс екенін жасырмады. Алайда ол өз оқиғасымен, тәжірибесімен бөлісіп, егде жастағы әйелдердің бала көтере алатынын дәлелдегісі келді.

Мамандардың айтуынша, 30 жастан кейін табиғи жолмен жүкті болу ықтималдығы төмендей бастайды. Әйелдердің көпшілігінде 45-55 жас аралығында менопауза болады. Кейде әйелдер 45 жасқа жетпей менопаузаға шалдығуы мүмкін.

https://stan.kz/26-min-dollardan-astam-karazhat-ketti-ozinen-31-zhas-ki-398422/

Leave A Reply

Your email address will not be published.