Кәсіпкерлер палатасына 178 арыз түскен

783

Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Қайрат Сыдықов, Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлер құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді төмендету бөлімінің басшысы Индира Молдабекова қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Спикерлер «Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту» туралы баяндады.
Кәсіпкерлер палатасының басшылыққа алып отырған негізгі жұмысы – кәсіпкерлік субъектілерінің заңды мүдделері мен құқығын қорғау. Жыл басынан бері бизнес өкілдері тарапынан 178 арыз-өтінім келіп түсті. Оның 118-і Тараз қаласынан және 60-ы облыс аудандарынан түскен. Өтінімдердің басымы бөлігі шағын бизнес тарапынан. Ірі компаниялардың штатында құқықтық бөлімдері мен әкімшілік ресурстары бар, сол себепті туындаған проблемаларды алысқа бармай-ақ шеше алады. Жалпы сомасы 7 миллион теңгеге жуық (6 миллион 602 мың теңге) кәсіпкерлердің мүддесі қорғалды. (20% – орта, 80% – шағын). Кәсіпкерлер палатасының бастамасымен биыл алғаш рет Облыс әкімдігі алаңында Жамбыл облысының әкімі Асқар Исабекұлының Төрағалығымен Өңірлік Кеңес пен Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Кеңес мүшелерімен кездесу өткізілуде. Бұл алаңда Палата тарапынан ай сайын бизнес өкілдерін мазалаған жүйелік сұрақтар көтеріліп, оны шешу жолдары ұсынылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.