Жамбылда 48 бас мал жанып кетті

171
Кеше түнде Жамбыл облысы, Сарысу ауданы Қаратас ауылындағы тұрғын үйдің сарайынан өрт шығып, 48 мал басы тірідей жанып кеткен,деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Оқиға орнына Жаңатас қаласының №16 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жедел жеткен. Өрттің ауданы 220 шаршы метрді құраған.

ТЖМ мәліметі бойынша, қорада 228 бас ұсақ мал (қой) болған. Өкінішке қарай, өрт кезінде 1 жылқы мен 47 бас қой тірідей жанып кеткен.

Өрттің шығу себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуынан орын алған. Аталған өрт салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар тіркелген жоқ.

Жамбыл облысы ТЖМ электр сымдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.