Ресей Федерациясына қарасты Амур облысында гидрометаллургиялық зауыттың шахтасы опырылып, кеншілер үйінді астында қалды. Бұл туралы Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.
Шахтада қалған адамдарды іздеу үшін сол жерге тау-кен құтқарушылары жіберілді.
Ресей федерациясының төтенше жағдайлар министрлігі тау жыныстарының құлауы Зейс муниципалды округінде жерасты жұмыстары учаскесінде болғанын нақтылады.
Оқиға орнына Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің 25 құтқарушысы мен төрт техника жұмыс істеп жатыр. Зея муниципалды округінде жерасты кенішінде тау жынысы опырылды. Алдын ала болжам бойынша, үйінді астында 13 адам болуы мүмкін, — делінген хабарламада.
Ресми ақпаратқа сәйкес, кәсіпорын вентиляциялық еңіс бойына құтқарушылар тобын жіберген, сонымен қатар кеншілермен байланыс қалпына келтіріліп, көлік жолы тазартылып жатыр.
EL.kz ақпарат агенттігі.