Ізгі тілек!

70
Бүгін Манарбек дос та 63-ке, зейнетжасқа толды дей ме. Аузын ашса жүрегі көрінетін Мәкең туралы қалай, қанша жазсаңда жарасар еді. Газеттің ертеңгі нөмірін дайындаудан қол босамай жатқаны. Сонда да бірауыз тілек арнайын деп телефонды қолға алғаным сол еді, алпысқа толғанда жазғаным жарқ ете қалғаны. Басқа ізгі тілек той үстінде- кластасым, досым, күйеубала.
ДОСЫҢ БОЛҒАН ҚАНДАЙ ЖАҚСЫ…
Біздер-Манарбек, Мұхтар, Ержан Нұржан, Исахан, Әбдінасыр… бәріміз 1967 жылы Байқадам орта мектебінің табалдырғын бірге аттадық. Қай класта еді, совхоздың Талас бөлімшесінен Жарас келіп қосылды қатарымызға. Төртінші класқа барғанда екінші Коммунар сегіз жылдық мектебі ашылып, ауылдың балалары сол білім ошағына ауыстық.
Сол кезде ғой Манарбек Жұматаев достан көз жазып қалғанымыз. Сөйтсек, ол Байқадамнан үш-төрт шақырым жердегі Сталин ауылындағы сегіз жылдық мектепке ауысып кетіпті. Онда нағашылары тұратын. Асықты бірге атып, допты бірге қуған бір досқа азайып қалғанға кәдімгідей көңіліміз ортайып қалды. Кейіннен Байқадам орта мектебінде жолымыз қайта тоғысты.
Мұхтар, Ержан, Әбдінасыр төртеумізден басқа кластас-достар сегізден кейін қолды бір сілтеп, СПТУ-ға кетті ме, ары қарай оқымады. Бұл кезде айнаға қарап, шашты тарап дегендей қызға қырыңдай бастаған кезіміз. Сылаңдап, Сталиннен Манарбек келді. Келетін жөні бар, өйткені менің жоғарыдағы үш досым сияқты сабақты жақсы оқыды. Әсіресе, өзімнің миыма онша қона бермейтін математиканы жаңғақша шағатын.
… Сол Мәкең өзінің саналы ғұмырын аудан қазынасын толтыруға арнады. Салық бөлімінде жай маманнан басшының орынбасарына дейінгі қызметті шыр айналдырды азамат. Өзі ауылда тұрып, отыз шақырымдай жердегі Жаңатасқа күнде барудан шаршады ма, бір-ақ күнде ауылдық әкімдікке бас маман болып тағайындалды.
Ауылға жол түссе бірінші Боранбай досқа соғып, ары қарай Мәкеңнің үйіне аяңдаймыз. Содан іргедегі Жарас досты ма, басқа бір азаматты ма шақырып алып, таң атқанша «вилкіні» басамыз кеп. Айтпақшы Мәкең қу үндемей жүріп, ана бір жылдары Тұрсынай қарындасымды қағып кеткен. Ағасы келген соң, қыз да жан қалсын ба, бір партиядан кейін-ақ қазан бүлкілдей бастайды…
Кластастарын неге еске алды деп отырған шығарсыздар, Фб-ғы достар. Бүгін Манарбек дос 60-қа толып жатыр дейді. Ол достың, ол күйеубаланың 61- жылғы екені есте жоқ. Бізбен бірге оқыған соң «алпыс» шығар деп жүрсем. Не айтайын, аман бол бауырым! Балалардың рахатын көріңдер Тұрсынжан екеуің! Артымыздан ілесіп, келе бер кластас-достар жеткен жетістістікке азамат.

Leave A Reply

Your email address will not be published.