Пробация қызметкерлері үздік атанды

86

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты түзеу мекемелері мен пробация бөлімдерінің арасында волейболдан жарыс өтті. «Сен тұр, мен атайын» дейтін кіл мықтылар бас қосқан сайыс барысында құқық қорғау қызметкерлері өзара кім мықтыны анықтауға күш салды.

Тартысты өткен жарыстың нәтижесінде Тараз қалалық №1 пробация бөлімінің командасы үздік деп танылды. Олар жақсы ойын өрнегін көрсетіп, өзге әріптестерінен айласын асыра білді.

Айбек НИЯЗЫМБЕТОВ,
Тараз қалалық №1 пробация бөлімінің бастығы, әділет майоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.