Facebook аккаунттағы мәліметтер тарихын өшіретін функция ұсынды

972

Facebook желісі қолданушының жеке мәліметтерін бақылау мақсатында жаңа мүмкіндіктерді іске қосты. Оның ішінде нақты аккаунтқа бекітілген мәліметтер тарихын тазарту да бар. Бұл туралы желі басшысы Марк Цукерберг айтты, – деп хабарлайды “Zhambylnews” AA Вaq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Біз деректерді қорғауға адамның бақылауын күшейту үшін жұмыс істеп жатырмыз (GDPR — Еуроодақта қорғауды реттеудің жалпы ережелері)… біз жаңа инструменттер ұсынамыз… желіде аккаунт деректер тарихын тазарту мүмкіндігі болады», – деді ол Брюссельдегі Еуропарламентте.

Цукербергтің айтуынша, Facebook-тегі жалған жаңалықтар мен өтірік ақпарат тарататын фейк аккаунттарды жою үшін оның компаниясы жасанды интеллект (АІ) технологиясын қолданады.

«2017 жылы Францияда өткен президент сайлауының алдында біздің жүйеміз 30 мыңнан аса жалған парақшаны тауып, өшіріп тастады», – деді Цукерберг.

Leave A Reply

Your email address will not be published.