Ерке Есмахан мен Raim-ға оқырмандары “Жылдың үздік жұбы” атағын берді.
“Қуаныш пен бақыттан мүсіндеген,
Келбетіңнен сенімнің күшін көрем.
Сен сияқты мені ешкім еркелетіп —
Сен сияқты мені ешкім түсінбеген.
Асыл жарым,
Жайнаған жасыл бағым,
Бағаласаң, бақытыңмын.
Сағынсаң, қасыңдамын.
Арманды дара қумаймыз,
Құстың қос қанатындаймыз.
Жүректе от жанып,
Тауларды бетке алып,
Бірге ұшып барамыз болашаққа!”, – деп “Жұбайлар жыры” әнінен үзінді жариялады. Жыл соңы күйеуімді халықтың алдында бір еркелетіп қояйын дегенім ғой. Сүйіктіңізге қандай ән арнар едіңіз?”, – деп оқырмандарына сауал жолдады.
Желі қолданушылары мен әншінің өнердегі әріптестері сүйіктілерін белгілеп, тілек жаудырып жатыр. “Ерке депті: Райым, сен ғой менің жан байым. Өмір бойы менімен, бірге болғын әр дайым. Райым депті Еркеге: Сен ғой менің жұбайым. Көп балалы болайық, менен көтер жыл сайын”, деп оқырмандары әзіл өлең арнап жатыр. “Көңілің күлген күндей ашық болсын, Райымың бір өзіңе ғашық болсын. Әрқашан Райымменен бірге болып. Алдарыңнан бақыт жолы, ашық болсын!” деп тілек жаудырып жатыр желі қолданушылары.
Еске салайық, әнші жақында баласының 1 айлығын тойлағанын жазған едік.