Tesla зауытында робот адамға шабуыл жасады

73

Фото: playground.ru

Жаңадан құйылған алюминийден жасалған автомобиль бөлшектерін алуға және жылжытуға арналған машинадан жұмыс кезінде ақау шығып, оның қолдары жақын маңдағы инженерге тиіп кеткен. Ер адам қолынан және арқасынан ашық жарақат алды.

Қайғылы оқиға Tesla автомобиль шығаратын зауытында 2021 жылы орын алған. Алайда бұл жағдай енді ғана белгілі болды. Себебі зауыт 2021 жыл және 2022 жылы өзінің жылдық есептерінде роботтардың әрекетімен болған жағдайлар туралы жақ ашпаған, Өйткені, бұл мәселе ерекше бақылауға алынып, бөлек аталып өтілген.

Бірнеше күн бұрын Илон Масктың Tesla компаниясы қауіпті болуы мүмкін мәселеге байланысты 120 мың электромобильді сатылымнан қайтарып алғаны белгілі болды.

https://stan.kz/robot-tesla-zauitinin-inzhenerine-shabuil-zhasadi-393115/

Leave A Reply

Your email address will not be published.