«Grand bazaar» сауда кешенінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жәрмеңке өтіп жатыр.
Жәрмеңкеде Байзақ, Жамбыл, Т.Рысқұлов, Сарысу, Шу аудандары мен Тараз қаласы тауар өндірушілерінің өнімдері сатылуда.
Жәрмеңкеде жалпы құны 16,1 млн. теңгені құрайтын 35,3 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылуда. Оның ішінде 7,0 тонна ет (жылқы, сиыр, қой және тауық еті), 2,5 тонна шұжық өнімдері, 2,7 тонна сүт өнімдері, 6 мың дана жұмыртқа, 0,5 тонна кондитерлік өнімдер мен 3,4 тонна макарон өнімдері, 0,4 тонна тұз, 0,6 тонна балық, 6,0 тонна ұн, 1,2 тонна бал және 11,0 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері жеткізілген.
Аталған жәрмеңке облыстың тауар өндірушілеріне өз тауарларын делдалсыз, тікелей тұтынушыларға сатуға мүмкіндік береді.
Жәрмеңкеге келіңіздер!
Тараз қаласының әкімдігі