Тыйым салынған затты шоколадтың ішіне жасырып кіргізбек болған

157

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №25 мекемесіне тыйым салынған зат кіргізбек болғандардың әрекеті әшкере болды.

Мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғанға азық-түлік түріндегі сәлем-саухат ретінде келген заттарды тексеру барысында жедел және режим бөлімінің қызметкерлері шоколад пастасының ішінен өзіндік иісі бар жасыл түсті затты анықтаған.

Оқиғаға байланысты ПД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері шақыртылған. Тексеру барысында анықталған тыйым салынған заттар тәркіленіп, сот-химиялық сараптама тағайындалған.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.