Жайлы мектеп – жанға сая

60

Білімсіз елдің болашағы бұлыңғыр. Сондықтан да кез келген мемлекет елдегі білім мен ғылым саласын дамытуға барынша күш салады. Өйткені білім бар жерде болашақта бәсекеге қабілетті мамандар көптеп шығады. Ал бәсеке бар жерде даму болатыны анық.

Тараз қалалық білім бөліміне қарасты 62 мектеп, 45 балабақша, 1 кешкі мектеп, 4 қосымша білім беру ұйымы және 2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті барлығы 114 мекеме жұмыс атқарды.

2023 жылға барлығы 71 141 002,0мың теңге қаражат қарастырылып, 9 айға 47 806 363,0 мың теңге бөлініп, 47 805 127,0 мың теңгесі игерілді. 62 мектептің 58-і типтік, 4-еуі (№№14,50,52,58) ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан, апатты жағдайдағы мектептер жоқ.

Ағымдағы жылы 7 мектеп, 1 бөбекжай-бақша ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 2 116 925,3 мың теңге қарастырылып, жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі күні 3 мектептің жөндеу жұмысы аяқталды (№№40,43,48 мектеп), қалған 5 мекемеде келісім-шартқа сәйкес жұмыстар жүруде.

Білім мекемелердегі 23 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстарына 142 148,4 мың теңге қаражат қарастырылып, жұмыстар жүргізілді. Мектеп оқушыларын оқулықпен қамтамасыз ету 601 848,0 мың теңге қарастырылып, 577 894,9 мың теңгесіне 21 баспадан қосымша және жаңа оқулықтар сатып алынды. Оқулықтарға тасымалдауға 2222,2 мың теңге жұмсалды.

Білім нысандарының материалдық-техникалық жабдықталуына 670 001,0 мың теңге қарастырылды. Мектептерде турникеттер орнатуға 390 985,3 мың теңге қарастырылып, конкурс шешімі мамыр айында шықты. Мердігері «ДОСАЛЫ» ЖШС-сі жеңімпаз болып анықталды, келісім-шарт жасалынды. Бүгінгі күні мектептерде турникеттерді орнату жұмыстары жүргізілді. Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан 3 мектепке күрделі жөндеу жұмысына байланысты орналастырылған жоқ (№№28,34, 44)күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған соң қойылады.

Тараз қаласында мектептерде білім алатын оқушы саны – 84 759 . Оның ішінде арнайы сыныпта – 269, үй жағдайында – 566, инклюзивті біліммен 219 оқушы қамтылған. Жекеменшік мектептерде 7 029 бала білім алуда.

Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бейнебақылалау камераларын жедел басқару орталығына (ЦОУ) қосылуға 82 732,2 мың теңге қаражат қарастырылып, келісім шарт «Транстелеком» АҚ-мен жасалды. 62 мектептің барлығы полиция департаментінің басқару орталығына қосылған. Арнайы күзет 66 828,6 мың теңгеге келісім шарт жасалынды, мердігері — ТОО City Security.

62 мектепте дабыл түймесі орнатылған, полиция бөлімдерінің кезекші бөлімшелеріне қосылған. Жеңімпазы «НУР 007» ЖШС-мен 8 844,0 мың теңгеге келісім шарт жасалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.