ТҰРҒЫН ҮЙ КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

98
Бүгін еліміздің басты мәртебелі мерекесі — Республика күнінде ауданымыздағы 11 отбасы баспана кілтіне қол жеткізді. Осыған орай, жеке тұрғын үй кілттерін жаңа қоныс иелеріне салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.
«Қуатты өңірлер — ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде алынған 11 жеке тұрғын үй кезекте тұрған көпбалалы және халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтарға берілді. Айта кету керек, жуық арада аталған жоба аясында барлығы 60 отбасы баспаналы болады.
Құрметті жерлестер, баспаналарыңыз құтты болып, іші берекеге толы болсын! Сондай-ақ, ұлттық мереке — Республика күні де баршаңызға құтты болсын!

 

 

Бақытжан Жәнібеков 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.