Медицина саласындағы бірқатар өзекті мәселелер талқыланды

114

Бүгін Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанованың төрағалығымен өңірдің медициналық ұйымдарының бірінші басшыларымен кеңес өтті. Онда “МӘМС» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Ләззат Алимова 2024 жылға арналған қызметтерді сатып алуға қатысу үшін медициналық қызмет көрсетушілерге қойылатын талаптар мен критерийлер бойынша өзгерістер мен жаңалықтар туралы айтып берді.
Сондай-ақ, Л.Алимова қызмет көлемін бөлу кезінде индикаторларды есептеудің негізгі көрсеткіштері бойынша қатысушыларды хабардар етті.

Одан кейін Жамбыл облысында жүргізіліп жатқан кәсіби тексерулер мен скринингтердің барысы туралы ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша денсаулық сақтау басқармасының алғашқы медициналық – санитарлық көмек және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ұйымы бөлімінің бас маманы Айдана Аяпова баяндама жасады.

ҚР ДСМ 30.10.2020 ж. № ДСМ-174/2020 бұйрығына сәйкес скринингтік тексеруге жататын адамдардың нысаналы топтары бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы бекіткен 2023 жылға арналған жоспарға сәйкес өңірде 30-70 жас аралығындағы артериялық гипертония, жүректің ишемиялық аурулары, қант диабеті, глаукома бойынша 101 673 адам қарауға жатады. Мәселен, ағымдағы жылдың 9 айында 95837 адам (94,3%) қан айналымы жүйесінің ауруларын анықтауға скринингтен өткен. 5155 адамнан -( 5,4%) жүрек-тамыр жүйесінің аурулары анықталып, 5091 адам (98,8%) диспансерлік есепке алынған.

Жамбыл облысында акушерлік көмекті ұйымдастыру туралы баяндаманы ана мен бала денсаулығын сақтау бойынша басқарма басшысы орынбасары м.а. С. Қоңқашева айтты.

Кездесу соңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ж. Оспанова халыққа медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту үшін жұмыс бағыттарын белгілеп, тиісті басшыларға ұсыныстар мен тапсырмалар берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.