Өткен жылы ғана еліміздің мерекелік күнтізбесі тағы бір атаулы күнмен толыққан болатын. Дәлірек айтқанда, 24 қазан — Кітапханашылар күні болып бекітілді.
Бұл өмірін осы салаға арнаған ардақты мамандық иелеріне, олардың қажырлы еңбектеріне жасалған құрмет деп білемін. Сол себепті де аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков бүгін ауданымыздағы кітапханашылармен арнайы кездесіп, төл мерекелерімен құттықтады.
Құрметті кітапханашылар!
Ел игілігі жолындағы жұмыстарыңыз жемісті болсын! Руханиятқа қосқан қомақты үлестеріңізге алғыс айта отырып, тағы да кәсіби мерекелеріңіз — Кітапханашылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!