Таза қала-жанға дауа, жасыл желек, жанға сая

493
Бүгінде көне шаһар – Таразды көркейтуге көп көңіл бөлінуде. Нәтижесінде күн санап қала аумағы жасыл желекке бөленіп келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар Республика күні мерекесі қарсаңында да жалғасын тапты.
Айталық, бүгін «Жасыл желек — жердің көркі» жобасы аясында Саңырақ батыр көшесіндегі «Атлетик» спорт кешенінен бастап Ж.Қуанышбаев көшесіне дейінгі жолдың бойына 350 түп қарағаш, Сүлейменов көшесінің Жамбыл даңғылынан Абай даңғылына дейін) бойына 200 түп қарағаш отырғызылды.
Сондай-ақ осы күні «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» республикалық акциясы шеңберінде ТМЗ санитарлық аумағына 500 түп және «Көлтоған» тұрғын алқабындағы 20 гектар жерге жоспарланған 20 мың түп қарағаштың 10 мыңы егілді. Аталған акцияларға шаһар тұрғындары да белсене атсалысып, өз үлестерін қосты.
Тағы бір айта кетерлігі, көктемгі санитарлық-тазалық айлығында қала аумағында 7500 ағаш егілген болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.