ЖАҢАТАСТА КІШІ ФУТБОЛ ТУРНИР ӨТІП ЖАТЫР

247
Бүгін Республика күні мерекесіне орай, Жаңатас қаласындағы спорт кешенінде Жаңатас қаласының тұрғыны болған Жандос Тілеуқабыловты еске алуға арналған ересектер арасында кіші футболдан облыстық ашық турнир өтіп жатыр.
Турнирдің ашылу салтанатында Жаңатас қаласының әкімі Ильяс Домалақов сөз сөйлеп, барша тұрғындарды алдағы келе жатқан Республика күнімен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сондан кейін Жандос Тілеуқабыловтың әкесі Тимур Тілеуқабылов ағамыз да айтулы мерекеге орай жарысқа қатысушыларды құттықтап, жарысты ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Турнирге Алматы қаласынан және Түркістан, Жамбыл облыстарынан 12 команда қатысып жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.