BasSport.kz-тің жазуынша, 20 жасқа дейінгі шахматшылар арасындағы әлем біріншілігі Италияның Пула қаласында өтіп, қазақстандық ұжым бес медаль жеңіп алды.
«Блицтен әлем чемпионатында Ксения – алтын, Әмина Қайырбекова – күміс және Арыстан Исанжұлов қола медаль иеленді», — делінген федерацияның баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Мұның алдында Ксения Балабаева мен Зейнеп Сұлтанбек жылдам шахматтан әлем чемпионатында күміс пен қола жүлдені жеңіп алды! Назерке Нұрғали 4-орынға, ал Лия Құрманғалиева лайықты өнер көрсетіп, 5-орынға ие болды.
https://turkystan.kz/article/234964-aza-standy-shahmatshy-lem-chempiony-atandy