Жамбыл облысында жүргізуші өзіне айыппұл салған полицейді пышақпен ұрып жіберген

79

Фото: Polisia.kz

Алматы-Ташкент тас жолының 168 шақырымында полицей жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғаны үшін Toyota Carina көлігін тоқтатқан.

Көлікті 61 жастағы такси жүргізушісі, Қордай ауданының тұрғыны басқарған.

Жол қозғалысы ережесін бұзушы хаттама толтыру кезінде патрульдік полиция батальонының қызметкерін мойынынан жиналмалы пышақпен ұрған. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-1 «Құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қол сұғу” бабы боынша қарлмақ.

«Жауап алу кезінде жүргізуші жақында әелінің қайтыс болғанын, ұзақ депрессияда жүргенін, соның салдарынан осындай әрекетке барғанын алға тартты. Ол істеген ісіне өкініп, кешірім сұрады. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Қызметтік тергеу тағайындалды», – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

https://stan.kz/zhambil-oblisinda-zhurgizushi-ozine-ayippyl-salgan-poli-388633/

Leave A Reply

Your email address will not be published.